Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
AULA FORUM 2026

29 қазанда Астана қаласында тұрғын үйді басқару, цифрлық технологиялар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне арналған AULA FORUM 2026 республикалық форумы өтті.

Іс-шараға Астана-ЕРЦ өкілдері де қатысты. Форум мемлекеттік органдардың, ПИК пен ОСИ өкілдерінің, басқарушы және сервистік компаниялардың, құрылыс саласы мамандары мен сарапшылардың басын қосты.

Форум аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру, есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз ету, цифрлық платформаларды дамыту, жасанды интеллектіні қолдану және тұрғын үйлерді басқару тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Астана-ЕРЦ үшін осындай кәсіби алаңдарға қатысу салалық өзгерістерден хабардар болуға, жаңа шешімдермен танысуға және нарық қатысушыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Цифрлық құралдарды дамыту, коммуналдық төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындардың коммуналдық қызмет көрсетушілермен өзара байланысын жеңілдету компания жұмысының маңызды бағыттары болып қала береді.
















Добавлено: 29.10.2026