Барлық жаңалықтар
2026 жылғы 2 қарашада «Астана ЕРЦ» компаниясында мүлік иелерінің бірлестіктері (ОСИ) мен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралып, коммуналдық төлемдерді есептеу тәртібі, бірыңғай төлем құжаттарын жеткізу және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
Ақпарат алмасу, туындаған мәселелерді жедел шешу және «Астана ЕРЦ» мен тұрғын үй секторы өкілдері арасындағы тиімді байланысты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер тәжірибелік мәселелерді талқылауға, қатысушылардың ұсыныстарын ескеруге және алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
«Астана ЕРЦ» компаниясы ОСИ және ПИК өкілдеріне кездесуге қатысқаны, ашық диалог пен сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс білдіреді.



