Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Бүгін "Астана-ЕРЦ" ЖШС-не "Аманат"партиясының өкілдері келді.

Кездесу барысында олар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистері: медицинаны дамыту, инфрақұрылым және жолдар тақырыптары, тұрғын үй мәселелерін шешу және т. б. туралы әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді!

ӨЗ ТАҢДАУЫҢЫЗДЫ ЖАСАҢЫЗ! ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді сайттан https://sailau2022.gov.kz, call-center 109 арқылы біле аласыз.

Мекен-жайы бойынша тіркелуі жоқ қазақстандықтар сайлауға қатыса алады. Қаулыға сәйкес сайлау учаскелерінде 1 тәулікке тіркелуге рұқсат беріледі.

Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп күтіліп отыр.

Барлық азаматтарды сайлауға қатысуға және өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыруға шақырамыз!


Добавлено: 18.11.2022