˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
по услугам для физических лиц
(по коммунальным услугам):
г. Астана, ул. Сакен Сейфуллина 27 QALAQYZMET.KZ, центр городских услуг, тел. 109

по услугам для юридических лиц:
г. Астана, ул. Мамбетова, д.24, БЦ "Аффари"

Канцелярия:
E-mail: secretary@aerc.kz

Для юридических лиц :
E-mail: epd@aerc.kz
Техническая поддержка :
WhatsApp технические вопросы: +7-777-003-3013
Справочно-информационная служба: Тел: 109
Время работы: Круглосуточно
Без выходных.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі - Келісім) «Астана-ЕРЦ» ақпараттық жүйесінің Пайдаланушысы мен Иесі арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

1.2. Осы келісімде келесі түсініктер қолданылады:

  1. «Астана-ЕРЦ» порталы (бұдан әрі - Портал) - есеп айырысу жүйесі мен коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинақтау және коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу және бақылау жүйелерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
  2. Портал пайдаланушысы (бұдан әрі - Пайдаланушы) - осы Келісімнің шарттарын қабылдаған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оған қажетті қызметтерді алу үшін Портал қызметін пайдаланатын, Порталда тіркелген, кез келген жеке немесе заңды тұлға;
  3. Қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) - ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру үшін ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет;
  4. Жеке шот - Порталда орналастырылған ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асатын порталдың жеке бөлімі;
  5. Тіркеу - портал қызметтеріне кіру үшін, порталдағы Пайдаланушының жеке шотын ашу процессі;
  6. Қызмет көрсету субъекті - Портал арқылы электрондық қызметтерді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2. КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ

2.1. Бұл келісім - бұл ашық ұсыныс. Ақпараттық жүйенің материалдарына қол жеткізу арқылы Пайдаланушы осы Келісімнің барлық шарттарына қосылды деп есептеледі.

2.2. Иесі кез келген уақытта осы Келісімнің шарттарын бір жақты тәртіпте өзгертуге құқығы бар. Мұндай өзгерістер Порталда Келісімнің жаңа нұсқасы жасалған күннен бастап 3 (үш) күн өткеннен кейін, сонымен қатар Келісімнің алдыңғы нұсқасының бір мезетте жоғалуы кезінде күшіне енеді.

2.3. Егер Пайдаланушы өзгертулермен келіспесе, ол Ақпараттық жүйеге кіруден бас тартуға және Порталдың материалдарын және қызметтерін пайдалануды тоқтатуға міндетті.

2.4. Ақпараттық жүйені пайдалану Пайдаланушының Пайдаланушы профилінде орналастырылған пайдалану нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.

2.5. Порталда тіркелу кезінде Пайдаланушы белгілеген ұялы телефон нөмірі тіркеу, құпия сөзді қалпына келтіру және «Астана ЕРЦ»Порталынан ақпараттық хабарларды алу үшін, тексеру коды бар SMS-хабарламаны алу арналған.

2.6. Порталдың тіркеу формасында Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекен-жайы келесідей жағдайда хабарлама алу үшін көзделген:

  1. пайдаланушының Ресми хабарлама алуға жазылуы;
  2. құпия сөзді қалпына келтіру, уақытша құпия сөзді алуға;
  3. жасалған жаңа құпия сөзді алуға.

2.7. Осы Шартқа қол қоя отырып, Пайдаланушы осылайша өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау, көшіру және пайдалануға, портал арқылы оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін жазбаша келісімін береді.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Иесі құқылы:

3.1.1. Қажет болған жағдайда Пайдаланушының енгізілген деректерінің шынайылығын тексеру, оның ішінде мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен байланысу арқылы.

3.1.2. Егер Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын бұзған болса, Пайдаланушыны тіркеуден бас тарту, жеке шотын жою немесе қара тізімге енгізу.

3.1.3. Пайдаланушыға SMS хабарлама және PUSH - хабарламалар форматында ақпараттық хабарлама жіберу.

3.2. Пайдаланушы құқылы:

3.2.1. Техникалық қолдау көрсетуге хабарласу арқылы Порталды пайдалану тұрғысынан кеңестік және практикалық көмек алуға.

3.3. Иесі міндетті:

3.3.1. Пайдаланушының жеке деректерінің құпиялылығын Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз немесе басқа да заңдық негіздерсіз ашуға жол бермеу арқылы қамтамасыз ету.

3.3.2. Порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

3.3.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының кіруіне арналған құпия сөзді деректермен алмасу процесіне қатысы жоқ рұқсат етілмеген тұлғалардан құпия сақтау.

3.4. Пайдаланушы міндетті:

3.4.1. Порталдың қызметтерін алу үшін:

  1. Тіркеу рәсімінен өту.

3.4.2. Порталда тіркелу формасында ұсынылған пункттер бойынша Иесіне нақты және толық ақпарат беруге.

3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайша келетін немесе халықаралық құқықтың нормаларын бұзу деп табылатын әрекеттерге бармау, соның ішінде зияткерлік меншік саласындағы, авторлық және/немесе сабақтас құқықтар, сондай-ақ Портал жұмысының бұзылуына алып келетін кез келген іс-әрекеттер жасамау.

3.4.4. Портал пайдаланушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мораль мен этиканың жалпы қабылданған нормаларына қайшы келетін ескертулер мен басқа да жазбаларға жол бермеу.

3.4.5. Порталда жұмыс істеген кезде басқа адам рөлінде танытпау, вирус немесе басқа зиянды бағдарламасы бар материалдарды пайдаланбау.

3.4.6. Порталды және Порталдан алынған ақпаратты терроризм, экстремизм, ұлтаралық араздықты қоздыруға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған мақсаттарда пайдаланбау.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1. Осы Келісім бұзылған жағдайда, Келісімнің бір немесе барлық тараптарына зиян келтірген жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4.2. Иесі оған тәуелді емес, Порталда жоспарланған немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жағдайында, Порталдың техникалық уақытша бұзылулары мен үзілістері үшін жауапты емес.

4.3. Иесі байланыс желілеріндегі уақытша авариялар мен үзілістер, басқа да осыған ұқсас сәтсіздіктер, сондай-ақ Пайдаланушы порталға қатынайтын компьютерлердің проблемалары, ұялы байланыс құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы үшін жауапты емес.

4.4. Иесі Пайдаланушы алдында Порталдың басқа Пайдаланушылары және кез келген басқа Портал мүшелерінің әрекеттері үшін жауапты емес.

4.5. Иесі кез-келген тікелей және жанама шығындар үшін жауапты емес, соның iшiнде келесі әрекеттерден туындайтын жоғалтып алынған пайда үшін,қолданудан келген залал, деректердің жоғалуы немесе басқа да материалдық емес жоғалтулар, беделінің жоғалуы және басқа да жоғалтулар:

  1. Порталдың Пайдаланушылармен пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі;
  2. Иесінің Келісімнің шарттарын өзгертуі;

4.6. Пайдаланушы Порталда тіркелу кезінде қолданылған деректердің шынайылылығы үшін толық жауапты, сонымен қатар Порталды падалану мерзімінде деректерді өз уақытында жаңартпағаны және түзету жүргізбегені үшін.

4.7. Пайдаланушы өзі туралы шынайы емес деректерді беру кезіндегі барлық тәуекелдер мен жоғалтуларды өз мойнына алады, сонымен қатар Порталда тіркелумен байланысты жеке деректерін үшінші тараптарға бергені үшін.

5. БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР

5.1. Осы Келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.